$ 498.34  519.72  4.85

Талғардағы мектептердің бірінде жанжал шықты

Оқиға жаттығу залында өтеді.
фото:instagram/kris_p_talgar
фото:instagram/kris_p_talgar

Талғарда жақында пайдалануға берілген мектепте болған жанжал камераға түсіп қалды. Видео Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Видеода мектеп қызметкерінің келушіге "мұнда кіруге құқығы жоқ" деп айғайлағаны көрінеді. Әйел "білімді бақылаймын" деп жауап беріп, қандай да бір жеке куәлік көрсетеді. Оқиға жаттығу залында өтеді.

"Бір себептермен "ескі Талғардың" өкілі Марина Павлова жаңа мектепке, яғни 25-ке келіп, Қоғамдық кеңестің мүшесі екенін айтады.

Қоғамдық кеңестің заңсыз құрамын тез арада таратуды талап етеміз. Оларды кім және қалай таңдағаны белгісіз", - делінген жазбада.

БАҚ мәліметінше, Марина Павлова - Талғардың тұрғыны, жергілікті белсенді. Ол Талғардың экс-әкімі Қайдар Әбдіхановтың қызметін қолдағандардың бірі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары