25.02.2023, 16:30

Ақтөбе облысында 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды

фото: inform.kz
Құқық қорғау органдары қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.

Ақтөбе облысында 47 жастағы әйел жұмысқа кетіп, үйіне қайта оралмаған. Жоғалған әйелдің мәйіті күдіктінің автокөлігінен пышақ жарақаты және зорлық белгілерімен табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ресми Телеграм-каналының мәліметінше, полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, оны қолға түсірген.

"Күдіктінің автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлтіру белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды",- деліген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Қылмыстық кодексі 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.