$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда ауласында алау жағылған мектептің директорына қатаң сөгіс берілді

Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ, қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Атырауда ауласында алау жағылған мектептің директорына қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде мектеп ауласында алау жағылғаны түсірілген видео тарады.

Кейін Атырау қаласындағы №8 Ө.Атамбаев атындағы мектепте Масленница мерекесі атап өтілгені анықталды. Алау жанында оқушылар тұр.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.

«Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ, қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді», -деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары