26.02.2023, 11:30

Түркістан тұрғынын қарумен қорқытып, 3 млн теңге тұратын жылқысын алып кеткен

Фото: ernur.kz
Үш адам ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.

Түркістан облысының тұрғынын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп әкеткен, деп хабарлады polisia.kz.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды.

Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы. Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.