26.02.2023, 18:30

Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облысында су тасқыны болуы мүмкін

фото: ТЖМ
Су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін.

Алматы облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы және Түркістан облысында өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

«27 ақпанға дейін Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.