Омбы облысының тұрғыны құймақ жеу сайысына қатысып, түйіліп өлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздерінше, мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда "Коммунальник" шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған. "Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға, құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған", - деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне. Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.