$ 443.37  474.49  4.83

Қарағандыда жеке үйден өрт шығып, ерлі-зайыпты қаза тапты

Өрт салдарынан үй иелері 62 жастағы әйел мен 65 жастағы ер адам көз жұмды.
Фото: ekaraganda.kz
Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды қаласында жеке үйден шыққан өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық ТЖД алдын ала деректеріне сәйкес, өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан болды.

Ресурстың жазуынша, үйде 30 шаршы метр алаңда ағаш шатыр жабыны, терезе мен есік саңылаулары, үй жиһаздары, заттар өртенген.

Өрт салдарынан үй иелері 62 жастағы әйел мен 65 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша олар көміртегі тотығымен уланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары