28.02.2023, 10:40

Риддердегі жылу орталығында тағы апат болды

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Жылу электр орталығындағы апат 28 ақпанда сағат 3.45-те болған.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жылу электр орталығындағы апат 28 ақпанда сағат 3.45-те болған.

«№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілді. Ал, сол уақытта №3 және №4 қазандық қана жұмыс істеп тұрды. Қазір №2 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды. №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр», - дейді шаһар басшысы Дмитрий Горьковой.