#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«7-20-25»: Халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін тағы 600 млрд теңге керек

Жалпы бағдарлама  бойынша 1 трлн теңге бөлу қарастырылған.
Фото: usolie.info//tengrinews.kz
Фото: usolie.info//tengrinews.kz

«7-20-25» бағдарламасына бүгінге дейін 116 мың адам өтініш берген. Олардың 65 мыңы бағдарлама бойынша баспана алғанымен, қалған 50 мыңнан астам отбасыға қалған 130 млрд теңге жетпей тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биыл бағдарлама шеңберінде 100 млрд теңге ғана бөлінгелі отыр. Ол аз ғана отбасының талабын қанағаттандырады. Ал он мыңдаған адам сонда баспана ала алмай ма? Бұл мәселені қалай реттеу керек деп ойлайсыз?» - деп сұрады порталы тілшісі.

Бұл сұраққа жауап берген министр расында да қаражат барлығына жетпейтінін мойындады.

««2-10-20» мен «5-10-20»-ға биыл тағы да 70 млрд  теңге бөлдік. Ал үшінші бағыт – ешқандай кезекте жоқ, зауытта істейтін сияқты қарапайым кісілерге арналған «7-20-25» бағдарламасы. Ол  бағдарлама бойынша 116 мың өтініш түскен болса, соның 65 мыңы  қазір қанағаттандырылған. 870 млрд теңге игерілді. Жалпы бағдарлама  бойынша 1 трлн теңге бөлу қарастырылған», - деді министр.

Оның айтуынша, халықтың бұл ипотекаға деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша 600 млрд теңге керек.

«Бұл қаражат бөлінеді немесе бөлінбейді деп нақты айта алмаймын. Өйткені бағдарлама жалпы Ұлттық банктің есебінен қарастырылған. Біздің  министрлік тарапынан өзіміздің ұстанымымыз бағдарламаны жалғастыру керек. Өйткені тиімді, халықтың қалауы бар», - деді Марат Қарабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары