$ 498.34  519.72  4.85

255 елді-мекен су астында қалуы мүмкін

Биылғы жылы қардың көп болуына және топырақ қабатының қатуына байланысты су тасқыны үлкен болатын түрі бар.
Фото: Инфоцентр ВКО
Фото: Инфоцентр ВКО

Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Биылғы жылы қардың көп болуына және топырақ қабатының қатуына байланысты су тасқыны үлкен болатын түрі бар. Өңірлерде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді", – деді Юрий Ильин. 

Айтуынша, полиция бөлімшелерімен бірлесіп елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар басталды. Сонымен қатар дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары қолға алынды.

"Су тасқыны кезінде 255 елді мекенді су басуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат", – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары