Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол апатын болдырмау үшін 28 ақпанда Ақмола облысында 12 жолды жабу туралы шешім қабылданды. Салдарынан мыңға жуық көлік жолда тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлердің мәліметінше, тасжолда қатты жел, көктайғақ.
Полиция жасақтары мен басқа да құзыретті органдар блок бекеттер, жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді.
Қазіргі уақытта полицейлер 6 автокөлік легінде 1000-нан астам автокөлікті Қостанай және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының шекараларына дейін және кері бағытта ертіп жүруде.
Ауа-райына байланысты "Астана - Павлодар" және "Астана - Щучинск" трассалары жабық күйінде қалып отыр.