01.03.2023, 16:40

«Анаша салып жіберемін»: Түркістанда шопан полицейлердің тергеуінен кейін өзіне қол жұмсамақ болды

Фото: Stan.kz
Алайда жұбайы оны құтқарып қалды, содан кейін күйеуін ауруханаға жеткізді.

Ер адам үш полиция қызметкері қоқан-лоққы көрсетіп, ұрып-соғып, оған мал ұрлығын іліп қоюға тырысқанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қойшы қысымға төтеп бере алмай, өзіне қол салмақ болды.

"Мен өзімді ұстай алмадым. Жүйкем сыр берді. Таңертеңге дейін шыдай алмай, өзіме қол жұмсағым келді", – дейді ер адам.

Мұрат Қашағанов Түлкібас ауданының полиция қызметкерлерінің қысымынан кейін өмірмен қоштаспақ болды. Үш қызметкер оны екі жылқыны ұрлады деп айыптап, оны бөлімшеге алып кеткен. Шопан малдарды бұрын көрші ауылда бағып жүргенін айтады. Бірақ олардың жоғалуына ешқандай қатысы жоқ деп сендіреді. Полиция қызметкерлері ұрланған жануарлардың иесіне келтірілген зиянды өтеуді талап етті. Қашағанов бас тартқаннан кейін олар ер адамды мәжбүрледі.

"Мені үркітіп, бопсалады. Қызметкерлердің бірі "Саған анаша салып жіберемін" деді. “Қолыңыздан келсе, істеп көріңіз” деп, кінәлі болмағандықтан, ақша бермейтінімді түсіндірдім. Осы кезде олар мені соққыға жықты. Тіпті тыныс алуым қиын болды", – дейді Түркістан облысының тұрғыны.

Мұрат мұндай қысымға психологиялық тұрғыдан төтеп бере алмады. Жауап алынғаннан кейін үйіне қайтып, түнде аулада асылып қалуды шешті. Алайда жұбайы оны құтқарып қалды, содан кейін күйеуін ауруханаға жеткізді. Мұраттың туыстары жағдайды аудандық прокуратураға мәлімдеді.

"Прокурордың айтуынша, ағам бәрін мойындаған. Егер бұл іс жүзінде болса, онда полицейлер дереу істі қозғап, АІІБ-ге апарар еді. Олар оны жіберіп қойып, "ертең артыңнан келеміз" демес еді ғой. Прокуратурадан нақты іс-әрекеттер жоқ. Ағама қысым жасалды. Полицейлер оны көз жұмуға итермеледі", – дейді жәбірленушінің бауыры Бейбіт Шынбақов.

Құқық қорғау органдарының тарапынан ешқандай заңсыз әрекеттер әлі анықталған жоқ. 

"Ер адам жауап алуға шақырылса да, сол күні полицияға келмеді, бірақ үйінің ауласында өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл факт ҚР ҚК 105-бабы “Өз-өзіне қол салуға итермелеу” бойынша тіркелді,  – дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдужаппарова.

Енді аудандық прокуратура полицейлермен айналысады. Қадағалау органы да тексеруге кірісті.