$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда жаңа туған нәрестесін лақтырып кеткен ана іздестірілуде

Шекесін тышқандар тістелеп тастаған ба, әлде құстар шоқып тастаған ба, әйтеуір терісі сыпырылып кеткен.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматыда екі күннен бері жаңа туған нәрестесін тастап кеткен ана іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz.

Кіндігі де кесілмеген нәрестені өзен бойына лақтырып кеткен. Целлофанға мұқият оралған баланың денесін сол маңда қыдырып жүрген тұрғындардың бірі көріп полицияға хабарлаған.
“Шақалақты тапқан кезде куәгер ретінде болдым. Дәл судың ішінде жатты. Целлофанның ішінде, сыртынан екі сүлгімен оралған. Көтеріп тексерді. Баланың кіндігі кесілмеген. Шекесін тышқандар тістелеп тастаған ба, әлде құстар шоқып тастаған ба, әйтеуір терісі сыпырылып кеткен”, – дейді Алматы тұрғыны Андрей Григорьев. 
Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары дүйсенбіден бастап тасжүрек ананы іздеп жатыр.
“Ақпанның 27 күні сағат 22:00 жергілікті тұрғын итімен серуендеп жүргенде кішкентай нәрестенің мәйітін тапқанын хабарлады. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметінің өкілі Еркін Өтегенов.
Нәрестені өзен бойына тастаған адамға қатысты еш мәлімет жоқ. Полицейлер емханаларда тіркеуде айы-күні жетіп тұрған жүкті әйелдердің тізімін тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары