$ 494.87  520.65  4.91

40 жасты неліктен тойлауға болмайды: ырымдар мен себебі

Діни ұғым бойынша 40 саны адамзат тағдырындағы жаһандық өзгерістерді білдіреді.
Фото: Freepik
Фото: Freepik

Қырық жас – адам өміріндегі айтулы күн. Қырық жылдық мерейтой неліктен маңызды саналады және оны тойламау керек деген сенім неге негізделген? Қырық жасқа қатысты құпияны математик Джулиан Хэвил мен жазушы Морган Мандрита ашып көрді.

40 жасты тойламаудың себептері

Неге 40 жасты тойлауға болмайды? Діни ұғым бойынша 40 саны адамзат тағдырындағы жаһандық өзгерістерді білдіреді, астрологтар мұны Уранның әсерінен жойылу кезеңімен байланыстырады. Таро карталарында және Азия мәдениетінде бұл өлімнің, зұлымдық пен бақытсыздықтың белгісі, ал физиологиялық тұрғыда бұл кемелдіктен қартаю шағына қарай қадам басатын өтпелі кезең.

Діни көзқарас

Қырық жасты тойлауға болмайтынының діни себептері бірнеше маңызды жайтпен байланысты.

Бірқатар рухани дереккөздер мына оқиғалардың 40 күн немесе жылға созылғанын көрсетеді:

Жаһандық су тасқыны.

Еврейлердің шөл далада қаңғыруы.

Мұса пайғамбардың Синай тауында болуы. 40 күндік кезең әр дінде қасиетті болып саналады, ол мынадай шарттылық пен қағидалардан көрініс табады:

Бұл босанған әйелге ғибадатханаға баруға тыйым салынған кезең.

Өлімнен кейін жанның денеден тыс өткізетін уақыты.

Рухани және физикалық жетілудің басталу кезеңі.

Әрбір адам дүние есігін ашқан кезде оған тағайындалатын қорғаушы періште оны 40 жастан кейін тастап кетеді деп те айтылады. 40 жасты тойлауға бола ма? Дінбасылар қырық жылдығын тойлауға тыйым салуды ырым мен шындыққа еш қатысы жоқ деп есептейді. Олардың пікірінше діннің барлық дәстүрі мен заңдылығын ескере отырып, қырық жасты тойлауға болады және тойлануы қажет.

Астрологиялық және болжам көрсететін себептер

Адамның жеке дамуының астрологиялық көрінісі бойынша 39-43 жас аралығында ғаламдық өзгерістердің, карма мен тағдырдың негізгі ғаламшары саналатын Уран маңызды планеталардың біріне айналады. Сондықтан да 40 жаста орта жас дағдарысы және өмірлік құндылықтарды қайта қарау қажет болады. Бұл кезеңде ауыр дертке шалдығу, отбасының бұзылуы, мансаптың құлдырауы және қиын жағдайға түсу қаупі жоғары.

Ежелгі таро жүйесі 40 жасты төрт санымен, сондай-ақ патша мен өлімнің басты арканымен байланыстырады. Олар трансформацияның, қайта ойлаудың және болашақ жолды таңдаудың белгісіне айналады. Нумерологиядағы төрттік тұрақтылықтан өзгеріске көшудің белгісі болып саналады. Таро картасы.

Мәдени тұрғыдағы себептер

Төрт санынан қисынсыз қорқуды білдіретін "тетрафобия" деген термин бар. Оны математик және "В тупике: математическое доказательство неправдоподобных идей" кітабының авторы Джулиан Хэвил баяндайды. Ол "өлім" және "төрт" иероглифтерінің дыбысталуы жағынан ұқсастығына негізделген. Тетрафобия түсінігі Жапония, Корея және Қытай елдерінде 4 саны зұлымдық, бақытсыздық пен қауіптің белгісі деген сенімнен туған:

Лифттерде және үйлер мен пәтерлердің нөмірлік тақталарында, медициналық және мемлекеттік мекемелерде 4 саны жазылмайды.

Бұл нөмірмен жүретін қоғамдық көлік бағыттары жоқ.

4 санынан тұратын ұялы телефон нөмірлеріне жеңілдік бар. Қырықтан кейін әйел денесі сола бастағандықтан, бұл жастағы туған күн қуануға жаман себеп боп саналады. Қырық жастағы ғарышкердің көкке ұшар алдында өзінің мерейтойын қалай атап өткені, содан кейін оның әуе кемесінің апатқа ұшырағаны туралы оқиға туған күнін тойлауға шешім қабылдаған ер адамдарға мысал ретінде келтірілген аңыз десе де болады.

40 жасқа байланысты наным-сенімдер

Медицина ғылымдарының докторы Дэниел Б. Блок 40 жасқа толу өмірді қайта қарауға мүмкіндік береді әрі бұл кезең көбінесе депрессияға душар етеді деп есептейді. Қырық жас қарттыққа қадам басатын кезең, кей әйелді жесір етеді, ер адамдарға мезгілсіз ажалы жетіп жатады деп санайтындар бар. Тіпті мерейтойға ұсынылған сыйлықтарды да теріс энергия көзі дейтіндер жоқ емес. Шынымен солай ма?

40 жылдық мерейтойға қатысты ырымдар немен байланысты?

Халықтық дәстүрде қырық жасты тойлауға тыйым салатын бірнеше танымал ырым бар. Соның ішінде белгілі нұсқалары мыналар:

Ежелгі Грекияда қырық жасты тойлау ерте қартаюдың себебі деп есептелді.

"Қырық" деген сөздің өзі теріс мағына беруі мүмкін.

Қырық жылдық мерейтойын тойлауды шешкен әйел қартаюға қадам жасап қана қоймайды, сонымен қатар одан да ауыр зардаптарға жол ашуы, ерте жесір қалуы ықтимал.

Қырық жасын тойламау керек деген тыйымды бұзған ер адам өміріне өлім сәті жеткенше жайсыздық пен қиындықтарды тартады. Қытайда кейбір ер адамдар туған күнін тойлау үшін 60 жасқа дейін күтеді.

Қырық жасқа толған туған күнге арнап ұсынылған сыйлықтар теріс энергияға ие деп саналады. Отбасылық асқа әзірлік.

Қырық жасқа келгенін тойлауға шешім қабылдағандар не істеу керек? Бұл нанымның теріс әсерін болдырмаудың бірнеше жолы бар:

Салтанатты мереке ұйымдастырғаннан гөрі ең жақын адамдарыңыздың ортасында атап өткеніңіз абзал. Мұндай формат энергетикаға, тағдырға және болашаққа кері әсерін тигізбейді.

Өз арманыңызды орындаңыз. Мысалы көп қонақты тамақтандыруға ақша жұмсаудың орнына ұшақ билетін сатып алып, әлемді зерттеуге жол тартыңыз. Ұшақпен немесе әуе шарымен ұшыңыз, тақырыптық фотосессия ұйымдастырыңыз немесе аспаздық сабағына қатысыңыз. Pure Wow жаяу жорыққа шығуды ұсынады.

40 жасты емес, 39 жастың соңғы күнін немесе толысып, жетілген адам мәртебесімен қырыққа толғаннан кейінгі бірінші күнді тойлаңыз.

Психологияда ақыл-ойдың өмірдегі жағымсыз оқиғаларды және кез келген триггерді біріктіру қабілеті айтылады. Шындығында адам өмірі ырымдар мен нанымдардың әсеріне қарамастан өрлеу мен құлдыраудан тұрады.

Қырық жасты тойлау керек пе, жоқ па, оны әркім өзі шешеді. Мәселенің мәніне, сарапшылардың пікіріне және ішкі сенімге сүйене отырып, түпкілікті шешім қабылдап, ақылмен әрекет еткен жөн. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары