$ 443.44  480.51  4.88

Өзбекстанның атақты боксшысы Қоңқабаев туралы не ойлайтынын ашып айтты

Қоңқабаев Баходир Джалоловпен жұдырықтасудан бас тарттқан еді.
Фото: allboxing.ru
Фото: allboxing.ru

Кәсіпқой және әуесқой бокста қарсылас шақ келтірмей жүрген өзбекстандық Баходир Джалолов Қазақстан құрамасының көсбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев туралы не ойлайтынын ашып айтты, деп жазады Sports.kz.

"Қамшыбек екеуміз жақсы араласамыз. Ол адал дос әрі жақсы жігіт. Адам ретінде де керемет. Ол қазақ тілінде сөйлейді, мен өзбекше жауап қайтарамын. Біз достық қарым-қатынасты жақсы ұстанамыз", - деді бокстан Өзбекстан құрамасының мақтанышы.

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев Болгария астанасы София қаласында өткен "Странджа Кубогының" ширек финалында Баходир Джалоловпен жұдырықтасудан бас тартты. Кейінірек отандық боксшының неліктен шаршы алаңға көтерілмегені белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары