8 наурызға орай көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» мәслихат шешіміне сәйкес 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын 30 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК ( 8625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген, - делінген хабарламада. Төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің тізімдері негізінде жүргізеді.
Айта кетейік, әлеуметтік көмек Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде табысы аз азаматтарға төленетін болады.