Таразда 13 жастағы жасөспірім екі қолдап амандаспаған құрдасының қолын сындырған. Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова мәлімдеді. Полицейлер ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоғам қайраткері Дина Таңсари жарақат алған оқушының екі сүйегі сынғанын айтты. Бұл ретте кінәлі 14-ке толмағандықтан қылмыстық іс қозғалмаған. Сондай-ақ, ата-аналарға қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін" іс сотқа жіберілмеген.
Жамбыл облыстық полициясының баспасөз қызметі оқиға 27 қаңтарда сағат 19:00-де болғанын хабарлады. Баланың анасы 14 ақпанда полицияға 13 жастағы бала 14 жастағы ұлын жарақаттағаны туралы арызданған.
"Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша сотплды тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді, алайда ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабына сәйкес, 16 жасқа толмаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", - деді полициядағылар.
Полиция қызметкерлері 13 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша "Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасауға әкеп соққан тәрбие жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама жасады. Бала Тараз қалалық ПБ екінші полиция бөлімшесіне профилактикалық есепке алынған.