#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Күштік құрылым қызметкерлерінің жалақысы көтерілмек

Бұл туралы вице-министр мәлімдеді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Елімізде күштік құрылымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорғанысқа қатыстының бәрі құпия жүргізіледі. Жалпы сөзбен айтар болсақ, күштік құрылымдардың жалақысын көтеру жайында болып отыр. Оған Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және басқа да мемлекеттік органдар кіреді», - деді Дәурен Темірбеков Сенатта 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылаудан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бірақ, вице-министр нақты цифр айта алмайтындығын жеткізді.

«Мен ақпарат бере алмаймын. Өйткені, бұл құпия ақпарат саналады. Себебі, қорғаныс шығыстарына қатысты бюджеттің ашық және жабық бөлігі бар. Бұл тек Қазақстанда ғана емес жалпы тәжірибе саналады. Барлық уақытта да осылай болып келді және бола да береді. Күштік құрылымдар барлық уақытта жария болмайды. Мәліметтер бюджеттің ашық бөлігінде де жоқ», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары