$ 494.87  520.65  4.91

«Былтыр да сұраныс жоғары болған»: Ел тұрғындары қандай гүлді жиі сатып алады

Қазақстанға гүлдердің негізгі бөлігі шетелден әкелінеді.
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Көктемдегі басты мерекелердің бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні. Гүл саудасы қызатын мереке қарасаңында Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде қандай гүлдер сұраныста екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Комиттетің мәліметінше, Қазақстанға гүлдердің негізгі бөлігі шетелден әкелінеді.

Мамандар былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қаңтар-ақпан айларында елге гүл көп жеткізілгенін айтады. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға сырттан салмағы 1 059,4 тонна, құны 8,3 млн АҚШ доллары болатын 20,7 млн дана гүл жеткізілген.

Биыл қаңтар-ақпан айларында елімізге салмағы 1 341 тонна, құны 9,5 млн АҚШ доллары болатын 24,6 млн дана гүл әкелінген.

Комитет өкілдерінің зерттеуінше, қазақстандықтар жиі сатып алатын яғни биыл да жоғары сұраныстағы гүл – раушан гүлдері. Биыл елімізге құны 5,8 миллион АҚШ доллары болатын 799 тонна немесе 18 млн дана раушан гүлі жеткізілген.

Екінші орында – хризантемалар. Биыл қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға оның 134 тоннасы немесе 2,4 млн данасы жеткізілген. Құны 1,3 млн АҚШ доллары.

Үшінші орында – қалампыр. Биыл елге құны 161 мың АҚШ доллары болатын 31 тонна немесе 922,7 мың дана қалампыр гүлі әкелінген.

Сонымен қатар елімізде лалагүл де жоғары сұранысқа ие болып шықты.

Бұдан бөлек биыл қаңтар-ақпан айында Қазақстанға қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер жеткізілген. Олардың жалпы салмағы 376,8 тоннаны құраған.

Биыл гүлдер елімізге негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна) және Түркия (6 тонна) елдерінен жеткізілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті былтыр да Қазақстанда раушан, хризантема және қалампыр гүлдеріне сұраныс жоғары болғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары