$ 442.05  474.14  4.74

Ұлытауда шахта қызметкерін ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды: күдіктілер ұсталды

Ұрып жатқандар Жезқазған қаласының ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Желіде Ұлытаудағы шахталардың бірінің аумағында жұмысшыны ұрып-соғу сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан белгісіз екі ер адам ғимараттың дәлізінде бір ер адамды ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Видеоның сипаттамасында оқиғаның Ұлытау өңіріндегі шахталардың бірінде болғаны айтылған.

"Ұрып жатқандар Жезқазған қаласының ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері. Қара киімді жігіт кадр бөлімінің қызметкері. Ол бұлардың жұмысқа келмей-ақ жалақы алуына келіспей тұр. Сондықтан соққы жеді", - делінген хабарламада.

Полицейлер әлеуметтік желілерді бақылау кезінде осы видеоға тап болғанын айтады.

"Бұл жанжал Ұлытау ауданындағы шахталардың бірінің аумағында болғаны анықталды. Бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген ПД таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары