$ 494.87  520.65  4.91

AMANAT: Ауыл азаматтарының ахуалын көтеруге басымдық береміз

Облыс бойынша 57 жаңа мектеп салып, 13 мектепті күрделі жөндеуден өткіземіз деген жоспарымыз бар.
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен

"AMANAT” партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары Түлкібас ауданында жалғасын тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Атап айтсақ, облыстық штаб төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы бастаған Жеңісбек Мәуленқұлов, Жанар Темірбекова, Жандос Әзімбай, Жансерік Жұман, Келесбек Жартыбаев сынды кандидаттар мен сенімді өкілдер Керейт ауылының тұрғындарымен кездесті.

Жиын барысында партияның ауыл тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтуға көңіл бөлінетіні, жоспар бойынша алдағы 5 жылда облыстағы 14 ауылдық жерде алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандарды салу жоспарланғаны айтылды.

- Біз ауылдағы ағайынның лайықты өмір сүруіне жағдай жасаймыз. Алдағы 5 жылда Түркістан облысында жергілікті маңызы бар жолдардың 96 шақырымы реконструкцияланып, 1,4 мың шақырым жол жөнделмек. Облыс бойынша 57 жаңа мектеп салып, 13 мектепті күрделі жөндеуден өткіземіз деген жоспарымыз бар. Оның ішінде Түлкібас ауданында 4 жаңа мектеп салатын боламыз. Республика көлемінде ауылдық жерлерге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды тартуға және қолдауға кемінде 125 миллиард теңге бөлдіруге күш саламыз. Алдағы жылдары ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілуі тиіс. Сонымен қатар, облыс көлемінде 4,4 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Оның ішінде Түлкібас ауданында  2 тұрғын үй салынбақ. Одан бөлек, тозығы жеткен 271 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етпекпіз. Оның 17-сі Түлкібас ауданындағы үйлер. Сондай-ақ, біз жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясы арқылы ауыл халқының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасын іске қостық. Жоба аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беруді көздеп отырмыз. Қазірдің өзінде жобаны жүзеге асыру үшін республика бойынша 125,8 миллиард теңге бөлінсе, оның 11 миллиард теңгесі біздің облысқа бағытталмақ. Біз жоба аясын кеңейту үшін қосымша 14 миллиард теңге сұратып отырмыз. Орташа несие соммасы 5 млн. теңге, ал, мал бордақылау үшін берілетін несиенің көлемі 8,6 миллион теңге болмақ. Несие 7 жылға беріледі. Осылайша, аграрлық саланы субсидиялау жүйесін түбегейлі жақсарту арқылы ауыл азаматтарының әлеуметтік ахуалын көтеруге басымдық береміз. Сонымен бірге, өткен жылы республика бойынша «Жер аманаты» жобасы аясында 5 млн. гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 1 миллион гектардан астамы Түркістан облысына тиесілі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Өйткені, жердің, жалпы еліміздегі барлық игіліктің иесі - халық, - деді кездесуде штаб төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Сондай-ақ, жиын барысында ауыл тұрғындары сайлаудың әділ өтуі, азық-түлік пен қажеттіліктердің қымбаттауы сынды мәселелерді көтеріп, сауалдарына жауап алды. Өз кезегінде штаб мүшелері азаматтарды сайлауда дауыс беруге және "AMANAT” партиясын қолдауға шақырды.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау