05.03.2023, 01:30

Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге батып кетті

Фото: pixabay.com
Бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

4 наурыз күні сағат 18.00-де Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерден) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған сәби суға түсуге жабдықталмаған жерде – үйге жақын маңдағы өзенге құлап кеткен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды», - делінген министрлік мәліметінде.

Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.