$ 442.05  474.14  4.74

Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді

Тауға шығудан бас тартқан дұрыс.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына таяу күндері көшкін қауіпіне байланысты тауға шықпауға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"ТЖД көшкін қаупі туралы № 5 дауылды ескерту негізінде: 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.

Осыған байланысты қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға шығудан бас тартқан дұрыс", - деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұл күндері дауыл туралы ескерту жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #тау