$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында ең бойшаң адам тұрады

Көшеде арулар сүйсіне қарайды.
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Абай облысының Көкпекті ауданында бойы 2 метрден асатын ер адам тұрады. 47 жастағы азамат бойының ұзындығы өмірде де жұмыста да көп септігін тигізетінін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек киім таңдауда аздаған қиындық болады, - дейді Станислав Вишняков.
оЛ аудан орталығы Көкпекті ауылында тұрады. Осындағы сорғы стансасында 25 жылдан бері машинист болып жұмыс істейді.

Станиславтың бойы 10-сыныптан кейін өсе бастапты. Ол кезде 197 сантиметр болған екен. Ал 37 жасында бойының ұзындығы 2 метр, 8 сантиметрге жетіпті.

Бірақ жыл өткен сайын шөге бастайды екенсің. Қазір бойым  - 2 метр, 2 сантиметр, салмағым – 125 келі, аяқ-киім өлшемі – 47 сантиметр. Бойдың ұзын болғаны жақсы ғой. Көшеде арулар сүйсіне қарайды. Көкпектіде маған шақ келетін киім жоқ болғандықтан Семей мен Өскеменге арнайы барамын. Жұрттың бәрі маған таңдана қарап, суретке түсіп жатады, - дейді Станислав Вишняков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай облысы