Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 6 наурызда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталықта, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталықта, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Абай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында түнде екпіні 25 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде тау асуларында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Астанада күндіз көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.