Бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қоғамдық орындарда былапыт сөздер айтқаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.
Айта кетейік, жаңа нұсқада айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге), қамауға алу 30 тәулікке дейін белгіленеді.
Бұған дейін Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2023 жылғы наурыз айынан бастап заңға қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 69 мың теңге айыппұл салынатынын немесе 30 тәулікке қамауға алынатынын айтқан еді.
Осындай нормалар Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабына енгізілді. Вице-министрдің айтуынша, бұл – балағат сөз айтқаны үшін енгізілген жалғыз норма емес, сонымен бірге тағы бірнеше норма заңда қарастырылған.