Алматы облысында оқушыға қол көтерген мектеп мұғалімі жұмыстан қуылды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Алматы облысында оқушыға қол көтерген мектеп мұғалімі жұмыстан қуылды

09.01.2017, 12:08

Алматы облысында оқушы баланы сынып алдында соққыға жыққан мұғалім жұмыстан қуылды деп жазады Tengrinews.kz. Педагогтың балаға қол көтерген сәтін сыныптастары камераға түсіріп, видеоматериалды әлеуметтік желілерде таратып жіберген.

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың айтуынша, оқиға 23 желтоқсан күні орын алған. Оқушыны ұрған мұғалім Іле ауданы Байсерке ауылындағы №9 орта мектептің химия пәні мұғалімі екен. Анықталғандай, жәбірленген оқушы бала оның алдында мұғалімнің қызын ұрған көрінеді. Сабақ арасындағы үзілісте сыныпқа келген педагог қызын ренжіткен оқушыны осылайша тәрбиелемек болған.

"Келесі күні - 24 желтоқсанда мұғалім оқушыға қол көтергені үшін жұмыстан шығарылды", - дейді Ләззат Базарқұлова.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші