Шымкентте белгісіз біреу ломбард қызметкерін атып, ауыр жаралады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Шымкентте белгісіз біреу ломбард қызметкерін атып, ауыр жаралады

11.01.2017, 16:49

Оқиға бүгін таңертеңгі сағат 9 жарым шамасында орын алған. Белгісіз тұлға қаладағы ломбардтардың біріне басып кіріп, қызметкер қызды кеуде тұсынан атып, ауыр жаралаған. Сондай-ақ, ол ғимараттағы бағаллы заттарды да тонап кетіпті. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы анықтағандай, бетіне медициналық маска және көзіне күннен қорғайтын көзілдірік таққан белгісіз тұлға қысқа ұңғылды аңшылық мылтығымен ломбардқа баса-көктеп кіріп, касса қызметкерін қорқытып алтын бұйымдар мен ақша беруін талап еткен. Содан соң касса қызметкеріне қарай оқ атып, көкірек тұсынан жарақаттап , оқиға орнынан бой тасалаған», - делінген аталған хабарламада.

Жәбірленуші алған оқ жарақатынан Шымкент қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер жәбірленушінің жағдайы ауыр екенін айтуда.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің екі бабымен: 24-99 «Қарақшылық жолмен адам өлтіруге оқталу» және 287 «Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру» қылмыстық іс қозғалды. ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті тұлғаның жеке басын анықтау мақсатында барлық тиісті шараларды іске асыруда.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші