Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар

Теңгебаев айтпаса, талай береді

Бір көліктің Қазақстанның әр түкпірінде бюджеттің ақшасына сатып алынған бір санаттағы көлік бағаларының арасындағы айырмашылықта 40 пайызға дейін алшақтық бар.

Асылхан МАМАШҰЛЫ: «Интернеті жоқ, сотка ұстамайтын ауылыма барып қайттым»

Қызылордаға қарай жолға шығатындарға айта кетейін, Батыс Қытай - Батыс Еуропа даңғылының Түлкібас тұсы әлі бітпепті. Кей жерде қарсы бағыттың біразы аяқталмаған. Әуелгі меже бойынша 2013 жылы аяқталуы керек еді, 2019 жылға қалыпты. Біткен жерлері тамаша. Әр тұста мәшине дамылдайтын жері, сырты жаңа болғанмен іші баяғыша - жазда шыбын, қыста сарыала мұз туалеттері бар.

Белгілі диссидент, жазушы Кәрішал Асанов қайтыс болды

79 жасқа қараған шағында белгілі диссидент, жазушы Кәрішал Асанов жүрек ауыруынан қайтыс болды.

Президент сайлауға кандидат тіркеу аяқталды

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) кеше кешке мерзімінен бұрын президент сайлауына кандидаттар тіркеу аяқталғаны туралы хабарлады.

Қанат Исламның жекпе-жектерін Қазақстан телеарналары неге көрсетпейді?

Қанат Исламның жекпе-жектерін Қазақстан телеарналары көрсету үшін ол АҚШ-та немесе Европада жекпе жек өткізуі тиіс.

ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары өз жұмысын бастады

Бүгіннен бастап ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстандағы Президенттік сайлауды бақылау жұмыстарын бастады.

Қанат Ислам кәсіби рингте 19-ші жеңісіне жетті

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингтегі 19-шы жеңісіне қол жеткізді.

«Менің Қазақстаным» пойызы сапарға шықты

23 наурыз күні Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналып Астанадан «Менің Қазақстаным» пойызы сапарға шыққан болатын.

Акцияны ұйымдастырушылар республика жұртшылығының арасында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған басты міндеттер мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық стратегиясының негізгі ережелерін халыққа түсіндіру жұмыстарымен айналысады. «Менің Қазақстаным» пойызы 30 күн ішінде Қазақстанның 29 елді мекеніне тоқтап, 22 сәуір күні Астанаға оралады. Акция барысында жергілікті тұрғындарға қаржылық және әлеуметтік, денсаулық кеңестері беріліп, спорттық-мәдени шаралар өткізу жоспарланған.

Бүгін сол пойыз Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласына келді. Пойызды қала халқы салтанатпен қарсы алып, аудан əкімі Серік Салтықов пойыз жолаушыларына ізгі тілектерін жеткізді. Осыдан кейін жергілікті тұрғындарға заңдық және әлеуметтік кеңестер беріліп, дəрігерлер науқастарды қабылдады. Сондай-ақ аудан орталығындағы «Надежда» интернат-үйінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, аудан əкімі бірқатар соғыс жəне тыл ардагерлеріне «Ұлы Жеңіске   70 жыл» медалін табыс етті. Сонымен қатар, осы күннің қорытындысы ретінде Тайынша қаласының мəдениет  үйінде Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мәдени шаралар өткізіледі деп күтілуде.

Skifnews ақпарат

Ақмола облысына аса ірі көлемде есірткі затын әкелген Астана тұрғыны тұтқындалды

Ақмола облысына аса ірі көлемде есірткі затын әкелген 52 жастағы Астана тұрғыны тұтқындалды.

Елбасы қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды наурыз мейрамымен құттықтады.