Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар

Бүгін Астананың кейбір аудандарында ыстық су мен жарық өшіріледі

Бүгін жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты мына мекенжайлар бойынша электр энергиясы өшіріледі: Күйші Дина к-сі 3/1, Петров к-сі 1/1, 3, 4, 5, 7, Тәуелсіздік даңғылы 12, 14 («Соло» ТК), Пушкин к-сі 15, Қараөткел-2, Таңбалытас к-сі, Ақкербез к-сі, Ақжелкен к-сі, Бейбітшілік к-сі 1, 3, 5, деп хабарлайды «Астана-ЭҮК» АҚ.

Конституция күніне орай елордада спорттық шаралар өтеді

30 тамызда елімізде Конституция күні аталып өтіледі, бірақ мерекелік шаралар басталып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақтауда балконнан лақтырылған теледидар баланың басына түсті

Ақтауда көпқабатты үйдің тұрғыны балконнан далаға лақтырған ескі теледидар төрт жасар баланың басына түскен. Қатты соққыдан бас, ми жарақатын алған бүлдіршін қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазақстанда орташа айлық жалақы шілдеде 125 936 теңгеге дейін өскен

2014 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 125 936 теңгені құрады, деп хабарлайды республиканың статистика комитеті.

Елбасы Өкімімен агенттік төрағаларының орынбасарлары тағайындалды

ҚР Мемлекет басшысының Өкімдерімен еліміздегі екі агенттік төрағаларының орынбасарлары тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Астанада алдағы күндері ауа райы суытады

Cиноптиктердің болжамынша, 26 тамызда күндіз +18+20°С, түнде +13+15°С, 27 тамызда күндіз +21+23°С болады, түнде сынап бағанасы +7+9°С көрсетеді.

Астаналық әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бойынша кеңес береді

Бүгіннен бастап 5 қыркүйекке дейін «Ашық есік күні» аясында Әділет департаментінде тұрғындарға зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Шара ҚР Конституциясының 19 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Алматыда Украинаның тәуелсіздік күнін атап өтті

Жексенбі күні Алматыда Украина тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған шара өтті, деп хабарлайды Азаттық.

Бразилиялық түрмеде екі адамның басы шабылды

Бразилияның Парана штатындағы түрмеде шыққан бүлік салдарынан 4 сотталушы қаза тапты, деп хабарлайды «Қазақпарт» шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Ақтауда жанармайға талас соңы атыспен аяқталды

Ақтаудағы облыстық ауруханаға пневматикалық тапаншадан екі рет жарақат алған 30 жастағы ер азамат келіп түсті, деп хабарлайды Baq.kz.