Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар

Алматыда АИ-95 бензині талонмен сатыла бастады

Алматы қаласында бүгін, 28 тамыздан бастап АB-95 маркалы бензин де тек талон арқылы сатыла бастады, деп хабаралайды Азаттық.

Қызылорданың тұрғын үйлерінде жылан көптеп кездесуде

Күні кеше қауіпті жәндік қаланың Журба көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен шықты, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Астана қаласының әкімі Ясуеси Комидзомен кездесті

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымының бас хатшысы Ясуеси Комидзо мырзамен кездесті. Тараптар қос мемлекеттің ядролық қарусыз әлем құрудағы ықпалдастығы мен екі жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды astana.kz.

300-ге жуық қазақстандық діни көзқарасына байланысты сотталған

Қазіргі уақытта діни көзқарасына байланысты 300-ге жуық адам сотталғандардың қатарында тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz.

Астанада электронды жолақы төлемі жүйесі енгізілмек

Астанада қоғамдық көлікпен жүруді қолайлы әрі тиімді ету үшін келер жылы арнайы пластик және қағаз карточкалардың көмегімен жұмыс істейтін электронды жолақы төлемі жүйесі (ЭЖТЖ) енгізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Кондуктор әйелді соққыға жыққан ақтөбелік бір жылға сотталды

Ақтөбеде кондуктор әйелді соққыға жыққан 28 жастағы ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

Каспийде заңсыз балық аулаушылар ұсталды

Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының теңізшілері Каспийде заңсыз балық аулап жүрген еліміздің 5 азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Шымкентте бас дәрігер парамен ұсталды (ВИДЕО)

Шымкентте бір аурухананың бас дәрігері пара алған жерінен ұсталды. Бұл жөнінде 52 жастағы мейірбике полиция қызметкерлеріне арызданған, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

«Гүлнәр тур» сот шешімімен лицензиясынан айырылды

«Гүлнәр тур» компаниясы сот шешімімен лицензиясынан айырылды деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

Алматыда жезөкшелер ордасына айналған сегіз қонақ үй жабылды

Алматыдағы Түрксіб ауданында орналасқан 8 қонақүйде ақылы түрде жыныстық қызмет көрсетіліп келгені анықталды деп хабарлайды «Қазақпарат».