Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар

Желтоқсанда Алматы метросында «Сайран» және «Мәскеу» станциялары ашылады

Жұмысшылар Алматы метросының «Мәскеу» станциясында сол жақ туннельді жалғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үштөбеде екі көлік соғысып, екі адам көз жұмды

Қаратал ауданыңдағы Үштөбе қаласының бір көшелерінде «Daewoo-нексия» мен «Шкода-рапид» автокөліктері бетпе бет соғысты, деп хабаралайды skifnews.kz.

Алматыда коммуналдық ақы төлемегендер «арнайы құрылғыға» тап болады

Ақы төлемеуді әдетке айналдырған алматылықтармен күресте тың әдіс ойлап табылды. Қаланың коммуналдық қызмет өкілдері жылдап суық су мен кәріз жүйесін төлемеген тұрғындардың кәріз құбырын бітеп жатыр, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Елордада ХҚКО жанынан «Заң кабинеттері» ашылды

Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, азаматтарға жедел, тегін заңдық қызмет көрсету мақсатында астаналық ХҚКО жанынан «Заң кабинеттері» ашылған, деп хабаралайды skifnews.kz.

Ресей азаматы 20 тонна түсті металл алып бара жатқан жерінен ұсталды

Қазақ-Ресей шекарасында салмағы 20 тонна түсті металл өткізбек болған ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Мектепке жол» акциясының 6 жылында 8 млрд.-тан астам теңге жиналды — ҚР БҒМ

«Мектепке жол» акциясы бойынша 6 жыл ішінде әлеуметтік аз қамтылған балаларды мектепке даярлау үшін 8 млрд астам теңге жиналды. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бүгінде бизнес үшін квотаны орындау оңай болмай тұр - ҰКП сарапшылары

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына енгізілуге тиіс өзгертулер тізбесін жасап шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

Қостанайдағы рейд барысында 56 есірткі қылмысы анықталды

Қостанай облысында «КӨКНӘР-2014» іс-шарасы басталғаннан бері 56 есірткі қылмысы анықталды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 17 келіден асты, деп хабарлайды BNews.kz.

Астананың жастар ұйымының белсенділері БҰҰ өкілдерімен кездеседі

Жоғары сынып оқушылары, ЖОО студенттері мен жастар ұйымдарының белсенділері Қазақстанда БҰҰ агенттігінің өкілдерімен кездеседі, деп хабарлайды skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабаралауынша, халықаралық ұйым өкілдері БҰҰ-ның жұмысы мен оның құрылымы туралы баяндап, тұсаукесер рәсімін жасайды және қатысушылармен бірге пікір-талас өткізіп, өзекті тақырыптарды талқыламақ.

Кездесу келесі мекен-жайда орналасқан БҰҰ ғимаратында өтеді:Бөкейхан к-сі 26, сағат 16.00-де. Жастардың сұрауы бойынша кездесу мен пікір-талас ағылшын тілінде өтеді.

Астанада велосипед жолдарының үш түрін жасау жоспарланған

Астанада велосипедшілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты қаладағы жол белгілері жүйесі мен жол инфрақұрылымына өзгерістер енгізілетін болады, деп хабарлайды skifnews.kz.