Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» медалімен марапатталды. Награда бүгін Астанада өтіп жатқан ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың бірлескен аймақаралық бірінші кеңесі барысында табыс етілді, деп хабарлайды «Қазақпарат».
«Батыс Еуропа Батыс Қытай» дәлізінің «Қордай асуының айналма жолы» учаскесінде биылғы жылдың аяғына дейін қозғалыс ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Шымкентте Сириядағы соғысқа қаржылай қолдау көрсеткен қазақстандық 4 азаматқа сот үкімі шықты. Әл Фараби аудандық сотының үкімі негізінде айыпталушыларға 8 жылдан 9 жылға дейінгі абақтыға жабылу жазасы кесілді, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, қаскөйлер бұл әрекетін бір емес, бірнеше рет қайталаған. Өрімдей қыздың анасы бұл жаға ұстатар жайтты біліп қалып, алдымен полицияға шағымданған деп хабарлайды 31 арна.
Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігінде 22 шілде күні ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Казгидромет.
Астананың әр ауданында халал өнімдер сататын дүкендер ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысында кеден қызметінің жеті қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 шілдеде Ақмола облысында және Елордада қатты жел тұратыны ескертіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Бүгін «Хабар» және «24kz» арналарының тікелей эфирінде Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде осы жылдың бірінші қыркүйегінде бастау алатын Мүлікті жария ету акциясына байланысты арнайы жоба өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Өткен сенбіде «Тараз-Ақкөл-Үшарал» көлік жолының 34 шақырымында «КамАЗ-5511» маркалы жүк көлігімен ВАЗ-2106 автокөліктерінің соқтығысу оқиғасы орын алған, деп хабарлайды skifnews.kz.