Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар

«Қайрат» ХФК атауы «Астана-Қайрат» болып өзгертілді

«Самұрық-Қазына» ғимаратында «Қайрат» АФК футзал клубының «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубына кіруіне арналған баспасөз мәжілісі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Курчатов қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Курчатов қаласында болып, қалалық мәслихаттың сессиясына қатысты, сондай-ақ активпен кездесу өткізіп, кадрлық ауыс-түйістер туралы хабардар етті. Бұған қоса, қаланың жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Қымбат автокөлік нөмірлерін сатудан Қазақстан бюджетіне 821 млн теңгеден астам қаражат түскен

Қазақстанда қазан айынан бері 2,4 мың қымбат мемлекеттік нөмір сатылып, мемлекет бюджетіне 821 млн. теңгеден астам қаражат түсті. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті Тіркеу-емтихан алу жұмысы бөлімінің басшысы Бауыржан Наханов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

Жоғалып кеткен Air Asia рейсіне 10 адамнан тұратын отбасы кешігіп, аман қалды

Сингапурге аттанған жоғалып кеткен Air Asia рейсіне кешігіп қалған 10 адамнан тұратын отбасы аман қалды, деп хабарлады РИА Новости.

Қостанайда өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған алаяқ сотталды

Өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған алаяқ айыпты деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарда тұрғындар сүттің сапасына шағымдануда

Павлодар қаласында тұрғындар қағаз қаптамадағы сүттің сапасы төмендеп кеткенін алға тартып, өнімнің сапасына күмәнданып отыр деп хабарлайды Skifnews.kz  «Звезда Прииртышья» басылымына сілтеме жасап.

Астанаға күніне 60 мың автокөлік кіріп-шығады

Астанаға күнделікті кіретін және шығатын көліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып, 60 мыңға жетті, тиісінше жол апаттарының саны ұлғайды,  деп хабарлайды Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Индонезиялық құтқарушылар AirAsia ұшағын іздеуге арналған арнайы жабдықтарға мұқтаж

Индонезия жоғалған ұшақты іздеуге арналған арнайы жабдықтарға, соның ішінде ұшақты көтеруге арналған су асты аппараттарға мұқтаж болып отыр. Мұндай мәлімдемені Индонезия ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің басшысы Бамбанг Соэлистио жасады, деп хабарлайды Bnews.kz.

2015 жылы Қазақстан мен Қырғызстан шекарадағы кедендік бақылауды алып тастайды

Қазақстан мен Қырғызстан 2015 жылғы 8 мамырда шекарадағы кедендік бақылауды алып тастайды.  Бұл туралы Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚырТАГ хабарлады.

Татарстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстанның Президенті Рустам Минниханов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде болады, деп хабарлайды Skifnews.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.