Бүгін Мәскеуде Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің сессиясы өтеді, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».
Астанада алаяқтықпен 60 млн. теңгедеден астам қаражатты қалтасына басқан әйел бас бостандығынан айырылды, Skifnews.kz қалалық ІІД-не сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстанда «сотқа тартылған» сиырлар... ақталды. Ұлан аудандық соты ауылдың ірі қаралары жеке кәсіпкердің 300 мың тоннаға жуық көкөнісін жеп кетті дегенге иланбады, деп хабарлайды astanatv.kz.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып Ермек Беделбайұлы Көшербаев тағайындалды, Skifnews.kz ҚР Ауыл шаруашылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Skifnews.kz» «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.
Қырғызстан үкіметі елдің Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіру келісім-шартын мақұлдады, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».
Ақмола облысында мұғалімдердің салғыртығынан мектеп оқушысы кемтар болып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі Андрей Равков келесі жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітіп, қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы ниетті растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодарда желтоқсан айында жалған ақша өткізу фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BNews.kz.
Ақтөбе облысында болған ірі жол апатынан бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.