Ақпараттар ағыны - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Ақпараттар ағыны

Ембі қаласының 39 жастағы тұрғыны өзінің үстіне бензин құйып өртеп, ішкі істер бөлімінің ғимаратына кіріп кетуге тырысқан деп хабарлады Aktobenews.kz порталы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы жанармайды өндіру тоқтатылады. Аталған сұйық отын тек әскерилерге және коммуналды қызмет түрлерін көрсетумен айналысатын мекемелерге арнайы тапсырыспен шығарылмақ.

Ауа райының күрт бұзылуынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар жолдар жабылды деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Өңірде жаңбыр жауып, кей жолдарда көктайғақтан жүру мүмкін емес.

Түркияның Измир қаласында биыл 1-5 наурыз күндері аралығында MODEKO-2017 халықаралық жиһаз көрмесі өтеді. Биыл 28-рет өткізілгелі отырған шараның басты демеушілері: Түркия Республикасы экономика министрлігі, Измир әкімдігі, Еге аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Измир Сауда палатасы.

Шымкент іргесіндегі тас жолда ірі жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Салдарынан 5 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған.

Нидерландыда әлемде алғаш рет ұшатын автокөлік сатылымға шығарылды. PAL-V Libertу деп аталатын модельдің құны 499 мың еуродан басталады, яғни 174 миллион 650 мың теңгенің шамасы.

Павлодар облыстық Еңбек басқармасының басшысы 1 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы капитанының денсаулық жағдайы ауыр күйінде қалуда, бірақ ол есін жиып келеді, деп жазады Қазақпарат.

Елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 2017 жылдың 13-14 ақпан күндері Астана қаласының аумағында жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өткізілетінін хабарлайды.

Қарағандыда боран соғып тұрғанда далаға шыққан үшінші топ мүгедегі хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші