Ақпараттар ағыны - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Ақпараттар ағыны

Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев ел үкіметіне кинотеатрлардағы шетелдік кинолардың билетін қымбаттатуды ұсынды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев халықты жұмыспен қамту ісінде әкімдер мен олардың орынбасарларының жауапкершілігін арттыруды талап етті. Бұл туралы centralasian.org порталы мәлімдеп отыр.

Өскеменде үш баланың анасы ізім-ғайым жоғалып кетті деп жазады Tengrinews.kz. Жас келіншек жалдамалы үйінің ақысын төлеу үшін кетіп, содан оралмапты. Үйінде оны балалары күтіп отыр.

Үйіне қайтып оралған ерлі-зайыпты ешқайда қашқан жоқпыз деп отыр. Олар 1 ай бойы Алматыда болған көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дүние жүзіндегі байлықтың тура тең жартысы небәрі сегіз адамның меншігінде. Оларға тиесілі дәулет бүкіл әлемдегі кедей тапқа жататын 3,6 млрд адамның дүние-мүлкіне тең. Бұл туралы OXFAM халықаралық бірлестігі жүргізген зерттеудің нәтижесінде белгілі болды.

Темекі сатумен айналысатын компанияның қызметкерлері өздері жұмыс істейтін компанияның жүк көлігіне жалған тонау қылмысын ұйымдастырып, келтірген шығындарының орнын жаппақ болған. Алайда, олардың жымысқы әрекетінің жүзеге асуына полицейлер кедергі болды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Бішкектегі Boeing-747 жүк тасымалдаушы ұшағының апатынан 32 адам қайтыс болды. Әуе көлігі Бішкек іргесіндегі саяжайлардың біріне құлаған деп жазады Zanoza.kg.

Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы оқиға орнында болған куәгерлер хабарлаған.

Түркиялық әуе компаниясына тиесілі Boeing 744 жүк тасымалдаушы ұшағы "Манас" әуежайына қонарда апатқа ұшырады. Әуе көлігі Гонконгтен қырғыз астанасына қатынаған деп жазады РИА Новости Қырғызстан Республикасының ТЖМ өкілі Мұхаммед Сваров.

Шымкентте 10 қаңтардан бастап «Дауыл» операциясы жүргізілуде. Аталған шараның мақсаты - жолдарда тәртіп орнату. Қазір қаланың орталық көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұл операция 15 қаңтарға дейін жалғаспақ. Алайда, алғашқы тәуліктің нәтижесіне полицейлердің өздері жаға ұстап отыр, тәртіп сақшылары бір күнде 80 көлікті айыппұл тұрағына жапқан.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші