$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте мүгедек ақсақалға көмектескен полицей өзін жарнамалаудың қажеті жоқ екенін айтты (ВИДЕО)

Қайырымды полицей бұл әрекетке мақтану үшін емес, үлкенге құрмет көрсету үшін барғанын айтып отыр. "Отырар" телеарнасының тілшілеріне сұхбат берген тәртіп сақшысы жарнамаға мұқтаж емеспін дейді.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде шымкенттік полицейдің қар үстінде жүре алмай қалған мүгедек ақсақалға көмектесіп, оны қоларбамен сүйемелдеген видеосы жарияланған болатын. Интернет қолданушыларының көбі тәртіп сақшысының бұл әрекетіне тәнті болса, тағы біразы мұны қолдан ұйымдастырылған жарнама екенін айтып жатты. Дегенмен, 26 жастағы аға сержант Нұрсұлтан Амановтың өзі мұндай жарнамаға мұқтаж емес екенін мәлімдеп отыр.

«Мен өзімді телеарналардың көрсетуіне алғашында қарсы болдым. Өйткені, бұл ешқандай ерлікке жатпайды, үлкенге көмектесу баршамыздың міндетіміз. Мен ауылда өстім, кішкентайымнан үлкендерге құрмет көрсет деп тәрбиеледі. Адамдардың мұндай қарапайым дүниелерге не үшін таң қалатынын түсінбеймін, бұл қалыпты жағдай. Сол аязды күні мен таңертең қалың қардан жүре алмай жатқан қарияны көрдім, жүгіріп барып ол кісіге көмектестім. Болды, бары сол ғана. Бұл тек полицейдің ғана емес, баршамыздың міндетіміз», - дейді Нұрсұлтан Аманов.

Аға сержанттың басшылары да Нұрсұлтанның бұл қайырымды әрекеті үшін марапаталмайтынын айтып отыр. Өйткені, қайырымды болу барша адамзаттың міндеті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары