$ 498.34  519.72  4.85

Полицияның есебінде тұрған 16 мыңнан астам баланың 12 мыңы жағдайы нашар отбасыдан

Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің өзекті мәселелеріне тоқталды деп жазады Хабар-24.

Ішкі істер министрі бұл мәселелерді шешу тетіктерін жүйелі жүзеге асыру басты міндеттері екенін жеткізді. «Отбасының шырқын бұзушыларды уақытша көшіру, кәмелетке толмаған және өз бетімен әрекет етуге қабілеті жоқ отбасы мүшелерімен байланыс орнату арқылы жыл сайын тұрмыстық қылмыс деңгейін 10%-ға төмендетуге қол жеткіздік. Тек былтыр ғана полицейлер дағдарыс орталығына түрлі жағдайға тап болған 2600-дан астам әйел мен балаларды жіберген. Полицияның есебінде тұрған 16 мыңнан астам баланың 12 мыңы жағдайы нашар отбасыдан. Ал бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамаған 5,5 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - дейді ол.

Сонымен қатар суицидке итермелейтін топтарға тартуға қатысты 63 факті тіркелген. Қазір 16 баланың бұл топтардың зиянын көріп үлгергені анықталды.

Министрдің айтуынша, ішкі істер органдарының есебінде ішкілікке салынған 71 мың адам болса, соның 10 мыңы әйелдер, 300-і кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары