$ 443.85  474.3  4.8

Елімізде тіс емдету ақысы арзандайтын болады

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдың күзінен бастап тегін медициналық көмек түрлеріне кірмейтін медицина салаларында бағаны реттейтін жаңа заң жобасын әзірлейтін болады. Бұл туралы министр Елжан Біртанов Алматыда Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен журналистермен кездесуінде мәлімдеді.

Ақылы медициналық қызмет түрлерінің қатарында стоматология да бар. Министрдің айтуынша, айтуынша, бұл қадам медициналық қызмет түрлерін арзандатуға бағытталған.

"Мемлекет басшысы бізге тегін медициналық көмек түрлеріне кірмейтін медицина салаларында халықтың пайдасына жұмыс істейтін заң әзірлеуді тапсырған болатын. Бізде алғышарттары бар. Енді бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, күзге қарай заң жобасын әзірлеуіміз қажет. Бұл өз кезегінде көптеген қызмет түрлерінің бағасын арзандатады", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары