$ 494.87  520.65  4.91

Айлық табысы 1 млн теңгеден асатын ерлердің көбі үйленген

1 млн теңгеден көп табатын әйелдердің 10,5%-ы ажырасқан. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша, айлық табысы 1 млн теңге және одан жоғары ерлердің көбі, яғни 82%-ы үйленген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, 1 млн теңгеге дейінгі табысы бар барлық еркектердің 63%-ы шаңырақ құрған. Табысы 250-ден 300 мың теңгеге дейінгі, яғни орташа жалақы алатындардың 71%-ы үйленген. Ал жағдайы жақсы азаматтардың тек 3%-ы ғана ажырасады. Басқаларда көрсеткіш 4,5%, ал орташа жалақы алатын азаматтарда ажырасу көрсеткіші 6%-ды құрады.

Әйелдердің тұрмыста болу, ажырасу көрсеткіші басқаша. Мысалы, табысы 1 млн теңгеден көп әйелдердің 70,5%-ы отбасылы. Қалған санаттағылардың 59%-ы тұрмыста, орташа жалақы (250-300 мың) алатындардың 67%-ы тұрмыста.

2021 жылғы халық санағы бойынша табысы жоғары әйелдердің көп ажырасқаны анықталған. 1 млн теңгеден көп табатындардың 10,5%-ы ажырасқан. Қалған санаттарда 7% болса, 250-300 мың теңге табатындардың 9,5%-ы ажырасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары