25.12.2023, 01:30

Бауыржан Момышұлының махаббат туралы ойы

Фото: e-history.kz

Капитализм кезіндегі некені жезөкшелік деп атаған.

 

«Соғыс психологиясы» – атақты қолбасшы Б.Момышұлының әскери қайраткер ретіндегі ұрпаққа ұлағат етіп қалдырған әскери-теориялық және рухани ұлағаттық еңбегі. Оның әскери тактикалық, жеке құрамды тәрбиелеу және оқыту, командалық кадрларды дайындау саласындағы зерттеулері терең кешенді талдау және әскери іс-тәжірибесінде кең түрде қолдануды талап етеді. Халық батыры өзінің әскери-теориялық көзқарастарын осы «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде жан-жақтылы талдаған. Сондай-ақ даңқты қолбасшының бұл кітабында махаббат туралы ойы, яғни, бір кісіге жазған хаты басылған. Skifnews.kz ақпарат порталы Бауыржан Момышұлының махаббат туралы хатын оқырманға қаз-қалпында ұсынуды жөн көрді.

Мен ғашық жандарды көп көрдім, бірақ солардың көбісі бақытсыз. Өзімнен де, өзгелерден де жиі сүраймын: неге тағдыр соншалықты қатал, әлде адам өз тағдырымын солай ойнай ма? Танымал авторлардың махаббат тақырыбына жазылған романдарын оқыдым, қайталап оқыған кездерім де болды. Алайда, нәпсілік махаббаттан басқа ештеңе таппадым. Олардың ішінде Мопассан махаббаттың нәпсілік қырын барынша шынайы, әдемі суреттейді, басқалары жалпылама сұлу сөздермен шектелген.

Ф. Энгельс пен Ш. Фурье махаббат туралы қатал, бірақ ғылыми шындықты айтқан – өз уақытындағы неке, капитализм кезіндегі некені жезөкшелік деп атаған, жезөкше өз тәнін даралап, «бір түнге» сататын болса, ал адал жар күйеуге немесе байлыққа, әлеуметтік жағдайға немесе материалдық- тұрмыстық пайдаға бола біржола тию арқылы көтерме бағада сатады, айырмасы сол ғана.

Пайдалы істі жайлы іспен ұштастырады, бірақ қалай десеңіз де еркек үшін емес. Біздің кезімізде қыздардың жеңіл көлік немесе қымбат көйлек үшін тұрмысқа шығып жатқанын көргенбіз.

Ерлі-зайыптылар арасына адалдықтың болмауын, ұрыс-керіс, тұрақсыз некенің және т.б. себебін осыдан-ақ білуге болады. Жалпы және экономикалық дамудың осы кезеңінде, еңбекке қабілеттілік пен қажеттілік бойынша қоғамдық өнімді тұтыну бойынша теңдік болмаған кезде (әйелдердің көптеген әлеуметтік-кабальдық жағдайлардан босатылуына байланысты – махаббат демократиялық жолмен шектелмейді және оның прогрессивті дамуы үшін нақты тең, тәуелсіз, таза махаббатқа дейін жағдай жасалады). Материалдық және тұрмыстық мағынада бақытқа деген дәстүрлі ұмтылыс, махаббаттың рухани жағынан гөрі, әр әйелдің ойында әлі де тұрады. Ол күйеуіне, ең алдымен, өмір сүру көзі ретінде қарауға мәжбүр және ол отбасылық жағдайға материалдық тұрғыдан тәуелді тіршілік иесі ретінде байланған, көптеген мәселелерде әлсіз және күйеуіне тең емес, бүл махаббат принципін –  абсолютті теңдікті бүзады.

Сондықтан әлі ұзақ уақытқа дейін «барлық уақытқа көтерме сауда» өзінің барлық жайсыз моральдық, адамгершілікті және т.б. салдарымен бірге қалады.

Прогрессивті және мәжени жастар жағы бұған көнбеуі керек, жағдайға бейімделіп, материалдық-тұрмыстық қырын махаббаттың рухани қырымен үйлестіре білуі тиіс, және ең алдымен екіншісіне ұмтылу керек.

– Инстинктивті интимді сезім – азғырудың құлы, өткінші әсер, ақылсыз қызбалық. Қанағаттанған азғындық – көңіл қалу.

Махаббатсыз бірге тұру, әдетке айналған махаббат  – өзіңді мәжбүрлеу. 

 Адамның негізі – ақыл. Ақыл – сезімнің қожайыны.

Ақылға қонымды сүю –  ақылмен, жаныңмен беріле сүю.

Нағыз махаббат біржақты болмайды: сыртқы әдемілікке ғана қызығу –  өтпелі махаббат  – жай ғана әуесқойлық.

Нағыз, таза, адал бірқалыпты махабаттың негізгі талаптары: өмірге, махаббат физиологиясына (жыныстық іріктеу), мораль, адамгершілік, махаббат сипатына (ерекшеліктердің үйлесімі) көзқарастарының ортақ болуы, махаббат тепе-теңдігі, өзара түсіністік, өзара қолдау, екі тараптың махаббаттағы рөлі.

Сүйіктілер бұл мәселелер мен көзқарастарда міндетті түрде бір ұстанымда болуы қажет, олай болмаған жағдайда, олардың махаббаты жан жақты дамыған, тұрақты болмайды. Сондықтан іскерлік немесе шығармашылық өзара ықпалдастық пен өзара түсіністік болмаса махаббат та болмайды, тек төсек қатынасы немесе шартты ерлі-зайыптылар қатынасы болады. Бұл дегеніңіз бүкіл өміріңізге ауыр жүк болып артылатын, ұзаққа бармайтын, тез сөнетін, ақыр соңында екіжүзді махаббат болады.

Біздің ортада бірін бірі сүйетін, бақытты, біріне-бірі тең жұптар бар (бірақ аз). Олар бақытты пікірлес адамдар:сыпайы, іскер, олардың достығы да, сезімі де шынайы, бірін-бірі түсінеді, қуанышта да, қайғыда да үнемі бірге, бір-біріне қатқысыз сенеді, оларға қызғаншақтық, орынсыз сезімталдық жат, олар сыпайы ғана бір бірімен мақтанады, шығармашылық тұрғыдан өсіп, дамиды, еңбек етеді, бір сөзбен айтқанда, азаптанбайды, толыққанды өмір сүреді, өмірдің қиындықтарымен күресіп, өмір мен қоғамға қажеттінің бәрін жасайды. Олар еңбекте де, тұрмыста да, отбасында да бекзат жандар.

Бір бақытты күйеу айтқан екен: «Басқа жаққа жүгіріп қайтем, үйімде бәрі бар.  Жарым маған дос, жолдас, ақылшы, жаным мен тәнімнің жәйі…».

Әйеліңнің көзіне шөп салдың ба, әлде әйеліңнен күмәнданған кезің болды ма деп сұрағандарға: «Шынымды айтсам, мен бұл туралы күні бүгінге дейін тіпті ойланбаппын».

Олар екеуі де ақылды адамдар –  адамдардың бірдей дамуы мен білімділігі, күйеуі әйелінен бір саты жоғары тұрған, әйелі мұны мақтанышпен айтатын.

Сенің 16.07.43 ж. хатыңдағы соңғы сұраққа жазып берсем дегенім осы еді.

08.43

Бауыржан