$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандықтардың денсаулығының нашар болуы елдегі жемқорлықтың салдарынан - А.Шпекбаев

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық рейтингісіне жүгінсек, халықтың денсаулығы бойынша Қазақстан 145 елдің ішінде 111-орында тұр. Бұндай жағдайдың бірден бір себебі - жемқорлық. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы он жылда осы саланың қаржыландырылуы бес есеге артқан екен. 2005 жылғы 191 млрд теңгеден 2016 жылғы 1 трлн теңгеге дейін өсті. Алайда,  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық рейтингісіне жүгінсек, халықтың денсаулығы бойынша Қазақстан 145 елдің ішінде 111-орында тұр. Бұндай жағдайдың бірден бір себебі - жемқорлық. 2016 жылы денсаулық сақтау саласында 80 лауазым иесіне қатысты 200 жемқорлық қылмысы тіркелді. Оның ішінде, 22 адам сотталды. Көбінесе, бұл көп эпизодты қылмыстық істер», - дейді Шпекбаев.

Оның айтуынша, сотталғандардың көбі Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жəне Алматы қаласында тіркелген. Агенттік жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг көрсеткендей, денсаулық сақтау саласында жемқорлыққа  көбіне аттестациядан өткізу бөлімдерінің жетекшілері, медицина орталықтарының директорлары, əртүрлі анықтама беретін медициналық қызметкерлер барады екен.

«Осы жылдың екі айында жемқорлыққа қарсы күрес қызметі денсаулық сақтау саласында қаржы қылмысын жасаған 16 адамды ұстаған»,-деді мəліметті толықтыра отырып Алик Шпекбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары