Әйтпесе, Елтаңба кез-келген тиында, мемлекеттік мекеменің фирмалық бланкілерінде, мөрде тұрған жоқ па?
Журналист Тоқтар Жақаш "Жаңа Адамдар" жастар қозғалысының Елтаңба туралы жүргізген сауалнамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстандықтар неліктен Елтаңбамызбен таныс емес? (ВИДЕО)
Қазақстандықтардың басым бөлігі Елтаңбамызды басқа көрнекі құралдардан ажырата алмайды екен! Мәшқара деп осыны айт! Сірә, әлгі Елтаңбаны ажырата алмайтын азаматтарымыз қолына өмірінде бақыр тиын ұстап көрмеген бе, дерсің?
Әйтпесе, Елтаңба кез-келген тиында, мемлекеттік мекеменің фирмалық бланкілерінде, мөрде тұрған жоқ па? Аққу мойын қос тұлпардың ай мүйізі мен қомданған қанаты алыстан-ақ көзге ыстық көрінеді, - деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол Елтаңбамызда "отбасы бірлігі, ұлттар достығы көрініс таппаған" деп есептептейтіндерге жауап берді.
Сауалнамаға жауап берген респонденттердің дені Сонда, олардың ойынша Елтаңбада астында от жанып тұрған қазан, түрлі ұлт өкілдері қол ұстасқан картина боп шығуы керек сияқты.
Елтаңба деген нақты бір елдің символы. Бізде шаңырақ та бар, пырақ та бар, ең бастысы үйлесімділік бар. Маған ұнамайтын бір нәрсесі сол - дәл шекесіндегі коммунизмнің белгісі боп кеткен бесжұлдыз ғана. Соның орнына басқа нәрсе тұрса дұрыс болар ма еді?, - деді Тоқтар Жақаш.