$ 443.37  474.49  4.83

Нұрлан имам «пенсионер» қыздарға үйленбеуге кеңес берді (ВИДЕО)

Тікелей эфирге шыққан Нұрлан имамға оқырманы «Үйленгім келеді, бірақ жүріп жүрген қызым өзімнен 8 жас үлкен» деп кеңес сұрайды.

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today

Халық арасында «тик-ток имам» аталып кеткен Нұрлан имам  әлеуметтік желіде өзіне сұрақ қойған оқырманына “пенсионер” қыздарға үйленбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тікелей эфирге шыққан Нұрлан имамға оқырманы «Үйленгім келеді, бірақ жүріп жүрген қызым өзімнен 8 жас үлкен» деп кеңес сұрайды. Оған Нұрлан имам «қандай махаббат болса да, жүрегі жарылып бара жатса да» өзінен кішкентай теңіне үйленуге кеңес берді.

«Апаларға үйлену мода болды ғой. Апайларға үйленбеңдер, қандай махаббат болса да ол жақсы дүние емес...

Өзі тең теңімен, тезек қабымен дейді, Пенсионерлерге тиіспеңіздер, адам сияқты пенсиясын алсын, адам сияқты қартайсын. Сондықтан жүрегін жармаңыздар... Түптің түбі 15-20 жылдан кейін алшақтық көріне бастайды,» - деді Нұрлан имам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары