$ 494.87  520.65  4.91

Ринат Зайытов: Қашқақтап қағаз шығындағанша, іске көшіңіздер, мырзалар!

Соның салдарынан бір баланы көлік қағып, күні кеше ғана 16 наурызда екі жеткіншек арсыз педофилдің қолына түсе жаздаған фактілері анықталған.

Фото: https://www.instagram.com/rinat_zaitov_resmi/
Фото: https://www.instagram.com/rinat_zaitov_resmi/

Елордада үй сатып алу бойынша алаяқтық мәселелері бар. Тіпті «Бизнес» санатындағы үй деп сатып, бірер жыл өткен соң пайдалануға қабылдау кезінде «Эконом» санатына ауыстыра салулары да мүмкін екен. Тұрғындар алаяқтық фактісі бойынша арыз жазса да іс қозғалмаған. Бұл туралы бүгін депутат Ринат Зайытов Мәжілісте мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол халықтың құқығын қорғауға келген кезде заңның қауқарсыз бола қалатынына наразы.

Үлескерлердің өз баспанасынан айырылып қалуынан бастап, елордада апта сайын бой көтеретін тұрғын үй кешендерінің сын көтермес сапасына дейін проблема көп. Мысалы, «Азия плюс» тұрғын үй кешенінде тұрғындар, яғни қариялар, кішкене балалармен жүкті аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалар өз үйлеріне кіретін есігінің, не кіреберісінің болмауына байланысты, күнделікті паркинг арқылы кіруге мәжбүр. Соның салдарынан бір баланы көлік қағып, күні кеше ғана 16 наурызда екі жеткіншек арсыз педофилдің қолына түсе жаздаған фактілері анықталған. Онымен бұл мәселе біткен жоқ, бұл үйді тұрғындарға сатар кезде «Бизнес» санатындағы үй деп сатып, бірер жыл өткен соң пайдалануға қабылдау кезінде «Эконом» санатына ауыстыра салулары да мүмкін екен. Сонымен қатар «Успешный дом» тұрғын үй кешенінің тұрғындары да алаяқтық іс әрекеттерге ұшырап отыр. Мәселенің мән-жайын анықтамақ оймен бір емес бірнеше әрекет жасап көрдік. Халықты ойлап жатқан бірде-бір құзыретті орган көрмедік. Тұрғындар алаяқтық фактісі бойынша арыз жазса да іс қозғалмаған. Халықтың пайдасына шешілген сот шешімі орындалмаған. Осындай да біздің заңдар қарапайым халықтың мүддесін қорғауға келгенде неге қауқарсыз бола қалады? Қашқақтап қағаз шығындай бергенше іске көшіңіздер, мырзалар!, - деді Ринат Зайытов.

Зайытов сөзін қорытындылай келе, Астана қаласы әкімдігі және құрылыс саласындағы оларға қарасты басқармалар қызметкерлеріне кешенді тексеру жүргізуді, Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары