09.06.2024, 00:30

Өскеменде полиция қызметкері пәтерін тартып алу үшін тұрғынды ұрып-соқан (ВИДЕО)

Фото: egemen.kz

Істің соңы насырға шауып кете ме деп қорқып отыр.

Өскеменде полицей қызметкері жалғыз тұратын ер адамның  соңына түсіп, оны пәтерін босатуға мәжбүрлеп жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақпарат Egov.press  телеграм каналында жарияланды. Бейнеде өзін Денис деп таныстырған азамат біраздан бері соңына учаскелік полиция қызметкерінің түсіп алғанын жеткізді.

Дегеніне көндіре алмағасын Нұржан есімді полицей оның ешкімі жоқ екенін пайдаланып, ұрып-соққан.

Азамат құзырлы органға шағым түсірген, бірақ оның өзіне жала жауып, істің соңы насырға шауып кете ме деп қорқып отыр.