Әлгі Төреғалидың Павлодарда айтқан ұятсыз мақалын жазайын десем, халықтан ұят.
Белгілі журналист, тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы уақыттың ауысуына байланысты пікір білдірді. Оның пайымдауынша, шенеуніктер уақытты ауыстырғанша, утильсбор мәселесін шешуі керек еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол тіпті атқамінерлерден бұрынғы уақытты қайтаруды талап етті. Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі желідегі парақшасында жазды.
«Осы уақытты ауыстыруды кім ойлап тапты? Тыныш отырған бүркітті нелерің бар түртіп? Мына жаз — жаз болмай кетті. Есеңгіреп жүрген мен ғана ма десем, жұрт та күн мен түнді ауыстырып алдық деп шағымдануда. Алматыда таң сағат 3:35-те атады, кеш сағат 19:35-те батады. Парадокс! Қайтарыңдаршы бұрынғы уақытты, құдай үшін!
Сағаттың тілін бұрап отырғанша, утильсборды қолға алсаңдаршы! Әлгі Төреғалидың Павлодарда айтқан ұятсыз мақалын жазайын десем, халықтан ұят. Бірақ та, тіліңді шығарады ғой күйдіріп…
Қайтарыңдар бұрынғы уақытымызды!!! Пы-Сы: Осы уақытты ауыстырайықшы деген шенеуніктің құйрығына шиқан шығып, креслосында отыра алмай қалсын, ал, керек болса!», — деп жазды ол.