Сәкен, маған анаммен сөйлесуге тыйым салды.
Дипломат күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көрген Карина Мамаш Бота Әбдірамановаға берген сұхбатында абьюзер ер адамның белгілерін атап, қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Карина Мамаш абьюзерді қандай белгілерден білуге болатынын айтты. Оның айтуынша, абьюзер серігін қоғамнан оқшаулайды.
Сәкен, маған анаммен сөйлесуге тыйым салды. "Ол бізге кедергі келтіреді, біздің отбасымызды бұзады" деді. Алайда мен тек балаларды көрсетіп, жай ғана сөйлесетінмін. Ал анам болса, оны керемет күйеу көрді. Ол оны қатты жақсы көрді және мақтан тұтатын. Туыстар мен достарына "менің күйеубалам мынадай" деп сурет-видеолар көрсететін.
Абьюзер сені біртіндеп қоғамнан оқшаулайды. Сен достарыңмен, туыстарыңмен және жақындарыңмен араласпай кетесің, - дейді Карина Мамаш.
Сондай-ақ Карина Мамаш абьюзер серігін өзіне тәуелді ететінін атап өтті.
Сен толықтай оған тәуелді боласың. Ол "саған жұмыс не керек, мен сені өзім қамтамасыз етемін" дейді. Абьюзерлер, нарцистер әдемі, табысты қыздарға қарайды. Олар өздерін жақсы жағынан көрсете алады, жақсы қарайды. Қызды өзіне ғашық етеді. Қыз ғашық болып, оған тұрмысқа шығады, жүкті болады. Содан соң үйде жұмыссыз отырады. "Өзім қамтамасыз етемін" дейді де, "мен ақша тауып жатырмын" деп сені кінәлі етеді. Мұның бәрі біртіндеп болады, - дейді ол.
Абьюзердің тағы бір белгісі - серігін бақылауда ұстауы.
Ол сізді толықтай бақылауға алады. Ол сіздің әлеуметтік желідегі парақшаларыңыздың құпиясөзін біледі. Телефонмен сөйлессеңіз, ол естіп тұру үшін дауысын шығарып сөйлесу керексің. Мені осылай бақылауда ұстады, - дейді Карина.
Карина Мамаш қыздарды интуициясын тыңдауға шақырды.
Қыздар, интуицияларыңызды тыңдаңыздар. Сізге қысым көрсетілсе, дами алмайтыныңызды сезсеңіз, сыртқа қалаған киіміңізді киіп шыға алмасаңыз, қалағандай бояна алмасаңыз, жақындарыңызбен, туыстарыңызбен араласа алмасаңыз, ойланыңыз. Мен дағдарыс орталығындағы қыздармен сөйлесемін. Бәрінде ұқсас жағдай, - деп кеңес берді ол.
Еске салайық, бұған дейін 10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаш не үшін 10 жыл бойы зорлыққа шыдап жүргенін айтып берген болатын.