Авторы анасы баласын жақсы көретінін айтып, қосымша түсіндірме беріпті.
Әлеуметтік желіде подьезде түнеп жүрген баланың суреті тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушысы оқырмандарына осындай шын мұқтаждарға үй алып берсе ғой деген ұсыныс жасады. Сондай-ақ таңнан кешке дейін жұмыс істейтін баланың анасы үйіне «қонақ» келгенде баланы сыртқа шығарып жіберетінін жазды.
Бұл бала_біздің подъездің "тұрғыны". Естуімше, шешесі үйіне "қонақ" келгенде, сыртқа шығарып жібереді. Мүмкін, бірдеңеге көңілі толмай, баланың өзі үйден шығып кететін шығар... Өздері шешесі жұмыс істейтін дүкенде тұрады. Үйлері жоқ. Әкесі жоқ. Бала аздап үркектеу, жасық. Екі күннің бірінде подъезге түнейді. Өзін көрген сайын үйге шақырамын. Бірақ, қанша шақырсам да үйге кірмейді. Қайтпек керек?
Әшейінде, "ел қамын жеп жүр" деп, тепсе темір үзетін жігіттерге пәтер көлік таратып, көп алдында ұпай жинайтын меценаттар осындай шын мұқтаж жандарға көмектессе ғой! Мына балаға бір бөлмелі болса да пәтер алып беретін, тым құрыса, жалдап беретін қайырымды жан болса, немесе, ел_жұрт боп, осы балаға пәтер алып берсек_бала бұлай суық еденде жатпас еді.
Тиісті органдарға хабарлап, анасын аналық құқықтан айыруға дәтім бармайды. Себебі, мен адам танысам, шешесі сондай жаман адам емес. Шешесі момындығынан жұртты басына шығарып алады. Әрі, күйіктен аздап ішеді. Басқа тұрғындар да, анасының балаға зәбір көрсетпейтінін білгендіктен, полиция шақырмайды. Меніңше, полиция шақырып, баланы анасынан айырғаннан мына баланың жағдайы оңалып кетпейді. Жүрегіне жара түседі. Одан да, осындай тағдыры қиын балаларға ел_жұрт боп қарасып жүрсек, ең дұрыс шешім болар еді деп ойлаймын.
Әрине, бала болса да фото видеоға түсіріп, ел талқысына салып, жаппай "мүсіркеу" әдепті іс емес. Сондықтан, бет_жүзін көрсетпей, бәлкім жағдайы бар қайырымды жандар көмектесер деген үмітпен еткен әрекетім еді бұл. Көмектескісі келген жан болса, маған хабарласыңыз, - деп жазды Facebook желісінің қолданушысы.
Оқырмандар арасында балаға шынайы жаны ашығандар да, анасына тіл тигізіп, сөккендер де бар. Сондықтан жазба авторы анасы баласын жақсы көретінін айтып, қосымша түсіндірме беріпті.
Анасы баласын жаксы көреді. Екеуін бірге талай рет көргенмін. Мүмкін, елдің айтып жүргені өсек шығар. Шешелі балалы екеуінің арасында түсінбеушілік болуы да мүмкін. Анасына да оңай емес, таңғы 8_ден түн ортасына дейін жұмыс істейді. Зорығып, шаршап жүреді. Адамдар, бас сап кіналағанша неге көмек бермейді екен? Біреуді жамандап, жақсы адам болу_ең оңай тірлік қой! – деді ол.